Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы

«Аққу» би ансамблі

Гүлнәр Мәмбетова

балетмейстер

Омар Мәмбетов

жетекшісі

«Аққу» би ансамблі

2000 жылдың қараша айында құрылған. Көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі Омар Мәмбетов, бас балетмейстері ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Гүлнәр Мәмбетова.

«Аққу» би ансамблінің жетістіктері:

2003 жылы «Жас дәурен» фестивалінің Гран при иегері
2006 жылы Қытай Республикасының Пекин қаласында өткен «Жастар шығармашылық» фестивалінің Гран-При иегері.
2008 жылы Сирия елшілігіндегі Босра қаласында өткен «Әлем халықтарының  достығы» конкурс-фестивалінің Гран-При иегері.
2013 жылы Ақтөбе қаласында  өткен ІІ Халықаралық  «Ұлы мұра» өнер байқау- фестивалінің Гран-при жүлдегері.
2016 жылы Роман-Сюр-Изер қаласында өткен Халықаралық  фольклорлық өнер фестиваліне  қатысты. (Франция мемлекеті)
2018 жылы Үнді мемлекетінде өткен VIII Халықаралық би және музыка фестиваліне қатысып, Үнді мемлекетінің Нью – Дели, Лахнау, Патна  қалаларына барды.
2018 жылы Алматы қаласында өткен ҚР халық артисі Даурен Әбіровтің 95 жылдығына арналған Республикалық  «Үкілі биші» қазақ би байқауында Бас жүлдеге ие болды.
2022 жылы UMAI тұңғыш өнер сыйлығының жеңімпазы «Хореография өнері» номинациясы бойынша «Үздік би ұжымы» атанды.
2023 жылы Қазақтың балет бишісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі Нұрсұлу Тапалованың 100 жылдығына арналған «Аққу-2023» І республикалық бишілер байқауында «Аққу» би ансамблі БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді.

Тілді таңдаңыз: