«Екі езу» сатира театры 2001 жылы 2 сәуірде құрылды.
«Екі Езу» сатира театры- көркемдік жетекшісі «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлыбек Жұбатқан.
Сатира театрының бастапқы мүшелері: Тамашаның тарланы Бақыт Айтова, Нұрдәулет Ақжігітов, Берік Нұрмағанбетов, Талғат Тілеулесов, Гүлсім Қаратаева болды.
Театр Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Тараз, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында гостролдік сапарларда болды. Үш рет Астана қаласында Ел басымыздың қатысуымен өткізілген мемлекеттік мерекелік концерттерге қатысты.
Алматы қаласындағы «Гүлдер» ансамбіліне, «Тамаша», «Күлкі керуені», «Көпен келе жатыр», «Құдайберген – театр» атты әзіл-сықақ театрларынан шақыру алды.
2001 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Бас Жүлдені» жеңіп алды.
Арқалық қаласында өткен этнограф, жазушы, сықақшы Сейіт Кенжеахметов атындағы Республикалық «Мірдің оғы» әзіл-сықақ фестивалінің 3 дүркін Бас жүлде иегері.
2022 жылы театрдың көркемдік жетекшісі, жазушы, сатирик Нұрлыбек Жұбатқан Астана қаласында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі» Мемлекеттік наградамен марапатталды.
2022 жылы – Қостанай қаласында өткен «Мірдің оғы» Республикалық әзіл-сықақ фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.
«Екі Езу» театрының ұйымдастыруымен өткізіп келе жатқан Республикалық «Айтқыштар Ақтөбеде» әзіл-сықақ фестивлі IX рет жоғары деңгейде өтті.