Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы

«Еңбек етсең ерінбей»

Aйтыс ақындары мен дәстүрлі өнер өкілдері арасында өткен Республикалық командалық айтыс көрерменнің көңілінен шығып, ел мерейін көтерді.
Айтыс, жыр, терме, дәстүрлі ән, күй жанрлары бойынша өткен сайыста Ақтөбе мен Маңғыстау облысының жүйріктері додаға түсті. Өнер құрамасында Ақтөбе облысының намысын айтыскер-ақындар Жәнібек Бейбітов, Қайырхан Жұбаниязов, Аруна Керімбек, Нұрбол Жауынбаев, жыршы …термеші ……, дәстүрлі әнші Ақбота Қоянбайқызы, Темірхан Жетесов, күйші Жалғас Болатұлы қорғаса,
Маңғыстау облысынан жыршы Өтешов Ақылбек, термеші Оспан Құлсымақ, дәстүрлі әнші Асқанов Нұрым, Әбіш Жансейіт, күйші Жәнібек Жұмабаев және айтыскер-ақындар Жолмағамбетов Абай, Жанболат Алиев, Зейнетолла Қосымбай, Байжігіт Бейбіт сынға түсті.

Айтыс 8-ші ақпан күні Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының Өнер орталығы концерт залында, сағат 14.00де басталған айтыс кешке дейін ұласты. Ұлттық өнердің дүбірінен көрермен қауымы қайта-қайта қиқу салып, желпініп отырды.
Өнер аламанында Ақтөбеліктер оза шауып, келесі кезеңге жолдама алды. Жерлестерімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тілді таңдаңыз: