Актюбинская областная филармония имени Газизы Жубановой

Жүректегі ән мен күй

Қазақтың дәстүрлі өнері мен ұлттық музыканың сырлы әлеміне саяхат жасауға шақырамыз!

4 қазан, сағат 16:00-де Өнер орталығында «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің қатысуымен «Жүректегі ән мен күй» атты концерттік бағдарлама өтеді.

Кеш барысында қазақ халқының бай музыкалық мұрасы — әсем ән, күмбірлеген күй және ұлттық аспаптардың ерекше үні көрерменге ұсынылады. Дәстүр мен заманауи сахналық мәдениет тоғысқан әсерлі музыкалық кеште ұлттық өнердің қадірін сезініп, рухани әсерге бөленуге мүмкіндік бар.

Концертке ҚР Мәдениет саласының үздіктері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары қатысады.

Қатысушылар:

ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгір

ҚР Мәдениет саласының үздігі Гүлназира Сағынғанова

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Нұрлан Әбдібеков, Бағдат Балмағамбетова, Мәншүк Мұқанова, Ақбота Қоянбайқызы.

Күні: 4 қазан

Уақыты: 16:00

Өтетін орны: Өнер орталығы

Ұлттық өнерді бірге дәріптеп, ән мен күйге толы әдемі кештің куәсі болыңыз!

Share on facebook
Share on telegram
Share on whatsapp
Share on odnoklassniki

Тілді таңдаңыз: