Концерт ең жоғары деңгейде өтті!
Танымал қазақстандық эстрада әншісі, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Азия дауысы» және «Золотой Орфей» беделді халықаралық конкурстарының жүлдегері, қазіргі таңда Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі Аллаберген Жақсыбаевтың «Ән. Ырғақ. Уақыт…» атты жанды дауыста шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтті.
Кеш барысында көрермен жүрегіне жол тапқан әсем әндер шырқалып, рухани кештің көркін Қазақстанның танымал өнер майталмандары мен шығармашылық ұжымдары аша түсті.
Өнерге 30 жылдан астам ғұмырын арнаған белгілі орындаушы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Аллаберген Жақсыбаев «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.
Өнер мен руханият үндескен бұл кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады.