Актюбинская областная филармония имени Газизы Жубановой

«Саз» балалар студиясының 20 жылдығына арналған мерейтойлық концерт.

Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония жанынан құрылған «Саз» балалар студиясының 20 жылдық мерейтойлық концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрерменге ерекше әсер сыйлаған рухани кешке айналды. Кеш барысында облыстық филармонияның солистері, студия түлектері мен жас өнерпаздар өнер көрсетіп, әсем ән мен әсерлі шығармаларды орындады.

Кеш барысында студияның 20 жылдық шығармашылық жолын қамтыған тарихи бейнеролик көрсетіліп, көрермен қауымға ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, концерттік бағдарламаның басты ерекшелігі — осы 20 жыл ішінде «Саз» студиясынан қанат қаққан түлектердің сахна төріне қайта оралуы болды. Әр жылдардың түлектері бас қосып, өнердегі алғашқы қадамдары басталған қасиетті сахнада өнер көрсетіп, кештің шырайын аша түсті.

«SAZ – жүректерді жаулаған 20 жыл!» атты мерейтойлық кеш өнер мен руханиятты ұлықтаған, жас таланттарға қолдау білдірген, ұрпақтар сабақтастығын айшықтаған тағылымы мол мәдени шара ретінде есте қалды.

Share on facebook
Share on telegram
Share on whatsapp
Share on odnoklassniki

Тілді таңдаңыз: