Актюбинская областная филармония имени Газизы Жубановой

Сөз бен саздың саңлағы

image

Қазақтың көрнекті ақыны, композиторы, драматургі “Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығына” арналған «Сөз бен саздың саңлағы» атты мерейтойлық Гала-концертке шақырамыз!

Бәкір Тәжібаев — қазақ өнерінде өшпес із қалдырған қаламгер. Оның жүрекке жақын жырлары мен әуезді әндері талай буынның рухани қазынасына айналды.

Мерекелік кеште композитордың кеңінен танымал шығармалары орындалып, қазақ өнерінің алтын қорындағы әндер жаңа қырынан ұсынылады. “Сөз бен саз үндескен әсерлі кеште” көрерменге ерекше шығармашылық атмосфера сыйланады.

Бұл — ұлт мәдениетінің көрнекті тұлғасын ұлықтап, оның мол мұрасын бірге еске алатын тағылымды әрі әсем кеш.

Жүрекке жақын әндер, сырлы жырлар және ұмытылмас әсер — барлығы бір сахнада!

Share on facebook
Share on telegram
Share on whatsapp
Share on odnoklassniki

Тілді таңдаңыз: