Актюбинская областная филармония имени Газизы Жубановой

Таңғажайып наурыз — 2

image

ТАҢҒАЖАЙЫП НАУРЫЗ — 2

Көктемнің көрікті мерекесі Ұлыстың ұлы күні қарсаңында сіздерді ұлттық рух пен әсем өнер тоғысқан ерекше концерттік кешке шақырамыз! Табиғат түлеп, жер бусанып, тіршілік жаңаратын бұл мезет жүректерді жақындастырып, қуаныш пен ізгілікті арттыратын айрықша шақ.

Кеш бағдарламасында:

«DAUYS» әншілері ұжымы — жүрекке жететін әсем әндер мен әсерлі орындаулар;

«Достық сазы» фольклорлық ансамблі — ұлттық нақыштағы күмбірлеген күйлер мен халық әндері;

«Аққу» би ансамблі — сұлулық пен нәзіктікті, шеберлік пен шабытты тоғыстырған көркем билер.

Өтетін орны: Өнер орталығы

Күні: 18 наурыз

Уақыты: 20:00

Наурыз — татулық пен бірліктің, мейірім мен берекенің мейрамы. Осы айтулы кеште отбасыңызбен, достарыңызбен бірге болып, мерекелік көңіл күйді бірге бөлісуге шақырамыз!

Жаңару мен жақсылықтың бастауы болған Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Оразаларыңыз қабыл болсын!

Share on facebook
Share on telegram
Share on whatsapp
Share on odnoklassniki

Тілді таңдаңыз: