ҒАЗИЗА ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖІГЕР» АСПАПТЫҚ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫ
ҒАЗИЗА ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖІГЕР» АСПАПТЫҚ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫ
Құрметті өнерсүйер қауым!
2025 жылдың 15–16 қараша күндері Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың шығармашылық мұрасын ұлықтауға арналған І республикалық «Жігер» аспаптық музыка фестиваль-байқауы өтеді!
Фестивальге Астана, Алматы, Қызылорда және Ақтөбе қалаларынан келген жас таланттар мен кәсіби орындаушылар қатысып, «Камералық ансамбль» және «Фортепиано ансамблі» номинацияларында өз шеберліктерін көрсетеді.
Қазылар алқасы:
Абзал Мұхитдинов – ҚР халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының дирижері (төраға)
Ернар Мынтаев – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартеттің жетекшісі
Enrique Lapaz Lombardo – Испаниялық пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты
Дина Құрманалинова – доцент, «Delsa consort» ансамблінің көркемдік жетекшісі
16 қараша, 18:00 – Марапаттау рәсімі
Өтетін орны: «Өнер орталығы» концерт залы
Классикалық және камералық музыканың сиқырлы әлеміне саяхат жасап, еліміздің ең дарынды музыканттарының өнерін тамашалауға шақырамыз!