Қазақ камералық хоры 35 жыл
Қазақ камералық хорының 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концертке шақырамыз!
Өнер мен әсем әуен тоғысқан ерекше кеште кәсіби хор орындауындағы таңдаулы шығармаларды тыңдап, рухани ләззат алыңыздар.
Қатысушылар:
— Қазақ камералық хорының көркем жетекшісі және дирижері, ҚР мәдениет саласының үздігі Мербол Куспанов
— хормейстер Мади Абишев
— концертмейстерлер: ҚР мәдениет саласының үздігі, «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері Дина Ниязова, Олжас Мұхтаров
Кеш қонақтары:
— ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Қазақ камералық хорының іргетасын қалаушы әрі алғашқы көркем жетекшісі, «Алакөз» камералық хорының көркем жетекшісі және дирижері Тұрым Алагөзов
— «Парасат» орденінің иегері, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы камералық хорының хормейстері Юрий Колчин
— ҚР мәдениет саласының үздігі, Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы камералық хорының көркем жетекшісі және дирижері Ғалия Мұхамеджанова
— ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы камералық хорының хормейстері Мадина Жармұхамбетова
— ҚР мәдениет саласының үздігі, профессор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі Ғалымжан Берекешев
— ҚР мәдениет саласының үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы Жастар камералық хорының көркем жетекшісі және дирижері Салтанат Жақаева
— Қазақ камералық хорының алғашқы хормейстері, 2000–2005 жылдардағы көркем жетекшісі Несібелі Қоңырбасова
— Қазақ камералық хорының 2010–2013 жылдардағы көркем жетекшісі Айнұр Имухамбетова
— ҚР мәдениет саласының үздігі, «Алатау» жастар хорының жетекшісі Зиада Накибаева
— ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Е. Рахмадиев атындағы Астана мемлекеттік академиялық филармониясы камералық хорының көркем жетекшісі және дирижері, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің проректоры Гүлмира Құттыбадамова
Күні: 21 қараша
Уақыты: 16:00
Өтетін орны: Өнер орталығы
Қазақ хор өнерінің тарихына айналған ұжымның 35 жылдық мерейтойлық кешінің куәсі болыңыздар!
Сіздерді әсем әуенге толы ерекше концертте асыға күтеміз!