Актюбинская областная филармония имени Газизы Жубановой

Ән. Ырғақ. Уақыт…

image

Бұл концерт – тек музыкалық кеш қана емес, ол нағыз уақытқа саяхат!

Кеште әр дәуірдің ең таңдаулы хит әндері орындалады.

80-жылдардың жан тербеген балладалары, 90-жылдардың сағынышқа толы әуендері, 2000-жылдардың ырғақты хиттері мен бүгінгі күннің тренд әндері – барлығы бір концертте жанды дауыста эстрадалық-симфониялық оркестр сүйемелдеуімен халыққа ұсынылады.

Сахнада тек ән ғана емес, атмосфера да өзгереді. Әр ән – бір естелік, әр әуен – бір эмоция. Көрермен өз жастығын, алғашқы махаббатын, ұмытылмас сәттерін қайта сезінеді.

Концерттің басты ерекшелігі – жанды орындау, кәсіби оркестрдің сүйемелдеуі және әр әннің ерекше интерпретациясы.

Кеш барысында өткен мен бүгін үндеседі.

Бұл – естеліктер мен эмоцияларға толы, жүрекке жақын, ұмытылмас кеш болмақ.

Share on facebook
Share on telegram
Share on whatsapp
Share on odnoklassniki

Тілді таңдаңыз: